ГЕНЕТИКА ƏЛЕМІНЕН БІРЕР МƏЛІМЕТ 1. Интеллект әкеден ұл балаға берілмейді. Яғни, сіз данышпан болсаңыз да, ұлыңыз сіздің геніңізді 100 % иеленбейді. 2. Ақымақтық әкеден ұл балаға берілмейді, егер сіз біткен ақымақ болсаңыз да, ұлыңыз сіз сияқты ақымақ болмайды (құттықтаймыз). 3. Интеллект әкеден қызына беріледі, онда да тек жартылай ғана. 4. Ер адам интеллекті тек анасынан ғана мұрагерлікке алады. Ол оны өз кезегінде әкесінен иеленген. 5. Данышпандардың қыздары әкелері сияқты ақылды болады, бірақ жартылай, ал олардың ұлдары данышпан болады. Ал әкелері топас болса, қыздары әкелеріне қарағанда жартылай ғана топас болады. 6. Сондықтан, данышпан әйелдер дерлік жоқ, дәл сол сияқты 100 пайыз топас әйелдер де болмайды. Есесіне, данышпан еркектер мен топас еркектер көп. Осыдан кейін жолы болмаған алқаштар, жалғызбасты аналар дәуірі кетеді, сонымен қатар Нобель сыйлығының иегерлері (барлығы дерлік ер адамдар). Еркектер үшін қорытынды: 1. Ұлыңыздың ақыл-ой дәрежесін зерттеп көргіңіз келсе, әйеліңіздің әкесіне қараңыз (егер ол академик болса, ұлыңыз да сондай ақылды болады). 2. Қызыңыз сіздің ақылыңыздың жартысына ие болады. Сондай-ақ, сіздің кещелігіңіздің де жартысын алады. Интеллект жөнінен сізге жақын болады. Оның ұлы сіздің барлық ақыл ой қабілетіңізге ие болады. Ақылды ұрпақ қаласаңыз - қызды армандаңыз. 3. Сіздің ақыл-ой қабілетіңіз анаңыздан келген, дәлірек айтқанда нағашы атаңыздан. Әйелдер үшін қорытынды: 1. Сіздің ұлыңыз ақыл-ой жағынан алғанда сіздің әкеңіздің көшірмесі, сондықтан, оған "сен дәл әкең сияқты топассың" деп ұрысу дұрыс емес. 2. Қызыңыз тәрбие жөнінен алғанда, өзіңіз сияқты болады, ал бірақ ақыл- ой жағынан алғанда әкесі сияқты болады. Оның ұлдары сіздің күйеуіңіздің ақыл-ой қабілетінің көшірмесі болады.

Теги других блогов: интеллект генетика қыздар