ҮНДЕМЕГЕН ҮЙДЕЙ БӘЛЕДЕН ҚҰТЫЛАДЫ...
Ілгергі ғұламалардың «Үндемеген кезім үшін өкінген емеспін» - деген сөзін естіген боларсыз? Иә, «үндемеген үйдей бәледен құтылады» деп бабаларымыз бекер айтпаған. Өмір болған соң, әртүрлі жағдайлар болады. Кейде ешкім мойындамаса да, сіздікі дұрыс болуы мүмкін, кейде сіздің де қателесуіңіз мүмкін. Күйеуіңіз жалғыз емес, оның да туыстары бар. Ата-ене, көрші-қолаң бар. Біреу бүйіріңізден шымшып кетеді, біреу тілімен қыршып кетеді. Сондай кезде ақылды әйелдің айласын жасап, тіліңізді тістеп қалсаңыз, көп проблеманың алдын аласыз.
Тұрмысқа шыққалы жүрген бір қыз әпке-жеңгелерінен:
- Өмірлік тәжірибелеріңіз бар ғой, маған қандай кеңес айтасыздар? Ақыл қосыңыздаршы, - деп сұраған екен. Сонда бір әпкесі:
- Жаңа үйге барғанда үндемей жүре бер. Менің атам анама «портрет» деген ат қойып кеткен. Өйткені, ол кісі ата-енесі ұрысса да, мақтаса да бір қалыпта болып, үндемейді екен. Сондықтан кім не айтса да, үндеме, - деген екен. Ендеше, жас келін, аяулы жар. Көп нәрсе сабырмен келетінін ұмытпағайсыз.
#асыларна #asylarna #ер #азамат #отағасы #әке #әйел #ана #отбасы #бақыт #татулық