ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ﷺ ЕКІ ЖАСҚА АЙТҚАН ТІЛЕГІ «Тілектің ең жақсысы әдемі айтылғаны емес, қабыл болғаны», - деген екен данышпандар. Иә, «Шешен сөзден не пайда, болмаса көпке сіңімді?!» дегендей, жұрттың алдында әдемі сөйлеу бір бөлек, алайда екі жасқа шын жаны ашыған адам, ең алдымен, тілегінің қабыл болуын, олардың бақытты ғұмыр кешуін қалайтыны анық. Кейде қанша тойға барсақ та, аузымызға дұрыс сөз түспей, «Бақытты бол» дегеннен әрі аса алмай жатамыз. Ал адамзаттың ең абзалы, ең жақсы адам Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйленген екі жасқа: «Алла береке берсін, береке жаудырсын әрі араларыңды тек жақсылықта қоссын» (Бәракал-лаһу ләкә, уә бәракә ъаләйкә, уә жәмәъа бәйнәкума фи хайр) – деп дұға жасайтын. Әрине, ең абзал адамның аузынан шыққан сөз – ең асыл сөз, тілектердің төресі болатыны анық! Ендеше, отау құрған екі жасқа айтар ең жақсы тілекті сіз де біле жүріңіз👌 _______________ #асыларна #той #тойәдептері #халықтыңқазынасы #қазақтыңтойы #қазақтың_тойы_бітпесін #тілек #тост

Теги других блогов: асыларна той тойәдептері