Тұрмысқа шығатын қызға анасының айтқан 10 өсиеті.
1. Күйеуіңмен қанағатта өмір сүр! Қанағатшыл бол! Қанағат жүректі рахаттандырады.
2. Күйеуіңмен жақсы қатынаста бол, оны тыңдай біл, бұйрығына құлақ асып, бағынатын бол! Сонда саған Аллаһ разы болады.
3. Күйеуіңнің көзіне әрдайым жақсы, сұлу болып көрін! Сенің жағымсыз түріңді ешқашан көрмесін! Күйеуіңе сенен жағымсыз иіс сезілмейтін болсын! Сүрме және су қолдануды ұмытпа! Сүрме – барша нәрселердің ішіндегі ең жақсысы. Су – табыла бермейтін иіссулардың ең тәттісі, тазалық көзі.
4. Күйеуіңнің тамағын уақтылы дайында! Өйткені, аштықтың ыстығы күйдіріп, ашу шақырады.
5. Күйеуің ұйықтаған кезде тыныштық сақта! Себебі, шала ұйқы ызаландырады.
6. Күйеуіңнің үйіне, дүние-мүлкіне сақтықпен қара! Өйткені, мал-мүлікті сақтай білу оны шынайы қадірлегеніңнің көрінісі болып табылады.
7. Отбасыңды, балаларыңды күте біл! Бұл – ұқыптылықтың белгісі.
8. Күйеуіңнің сырын ешқашан да және ешкімге де ашушы болма! «Сырын аштым» дегенің – оның сенен безгені.
9. Күйеуіңнің бірде-бір ісіне қарсы шықпа! Егер қарсы шығатын болсаң, оның жүрегін қатырасың. Оны қаншалықты ұлықтасаң, соншалықты ол сені құрметтейді. Онымен қаншалықты келісер болсаң, ол соншалық саған жақын болады.
10. Күйеуің көңілсіз болғанда, сен қуанышты болма! Барынша оған құрмет көрсет, сонда ол да саған барынша жомарттығын аянып қалмас. Онымен барынша пікірлес бол, сонда күйеуің сенің ұзақ уақытқа жолдасың болады. Және де сен өз қалауыңнан оның қалауын, өз ризалығыңнан оның ризалығын артық көрмейінше бұл істерді жасай алмайтындығыңды біліп қой!