КҮЙЕУІНІҢ КӨҢІЛІН АУЛАҒЫСЫ КЕЛГЕН ӘЙЕЛ МЫНАНЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАСЫН! Шаңырақ көтерген ерлі-зайыптыларға ең бірінші жәрдем – Алладан. Күйеуінің көңілін аулағысы келген әйел алдымен Алламен қарым-қатынасын түзеп, Оған алақанын жаюы, Оған дұға жасап, Одан жәрдем сұрауы керек. Себебі, жүрекке Алланың ғана әмірі жүреді. Қос жүрекке махаббат пен мейірімді салатын – Алла. Ешбір әйел өзінің сымбаты, мінезі не байлығымен ғана отбасын ұстап тұра алмайды. Ешбір әйел күйеуі үшін ғана жасаған амалдарымен, сұлулығымен, мінезімен, дәмді тағамдарымен Жәннатқа жете алмайды. Сондықтан ол барлық амалдарын Алла разылығы үшін жасауы тиіс. "Алла сұлулықты жақсы көреді, бір-біріміз үшін сұлуланайық, Алла тазалықты, жаратылыстарының мейірімді болғанын жақсы көреді, біз де соған талпынайық" деп сәт сайын ниетті түземек керек. Мұсылман алдымен Алланы жақсы көреді, ал жарын – Алланың разылығы үшін жақсы көреді! Ерлі-зайыптылар осы бір қарапайым формуланы естерінен шығармауы керек. _____________ #асыларна #отбасы #татулық #ана #әке

Теги других блогов: отбасы әке ана асыларна татулық